Теңге қайтадан нығая бастады

Теңге қайтадан нығая бастады
Фото: вк

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 343,56-ға тең болды.

Алғашқы сауда 343,7 теңгемен өтті. Сессияда жоғарғы баға 343,73 теңгеге жетсе, төмені 343,2 теңге болды. Сауда көлемі 54,6 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, шетел валютасы айырбас пункттерінде 341-344,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін