Стивен Хокинг Таразда тұратын гений баламен кездесуге дайын

Стивен Хокинг Таразда тұратын гений баламен кездесуге дайын
Фото: tengrinews

Атақты ағылшын ғалымы Стивен Хокинг Таразда тұратын жас гений Исаак Мустопуломен кездесуге дайын. Бұл туралы ОКҚ брифингінде "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ басқарма басшысының орынбасары Жұматай Сәлімов хабарлады.

Брифингте ол баланың "Үйлесім гармониясы" жобасы үшін түрлі мүмкіндігі бар арнайы жүлдеге ие болғанын еске салды. 

"(...) Исаак Мустопуло − жеңімаз, ол сал ауруына шалдыққан, бірақ оған қарамастан бала кезінен астрофизикаға қызығады. Ол осы аталымда жеңімпаз атанды. Әсер Орынтайұлы оны мақтау қағазымен марапаттаған кезде Исаак өз арманын айтқан еді. Ол Стивен Хокингпен кездескісі келеді екен  ағылшынның атақты ғалымы, ол да астрофизикамен айналысады. Ол да жастайынан мүгедектер арбасына таңылды, бірақ ғылым әлемінде даңқы зор. Қазіргі уақытта біз осы мәселені шешіп жатырмыз, енді ағылшын кеңесі өз тарапынан қолдау білдіретін сияқты... Бізде осы аталым бойынша арнайы сапар қарастырылмаған еді, алайда мәселені шешіп жатырмыз. (...) Стивен Хокинг қазақстандық баланың өзімен кездескісі келетінін білгенде бұл сұранысқа қуана-қуана келісті. Сондықтан алдағы уақытта Исаак Ұлыбританияға барып, өз көзімен көреді", − деді ол.

"(...) Жоспарланып отырған сапарға келер болсақ, бізде басты мәселе Стивен Хокингтің секретариаты бойынша болып отыр, олардан жауап күтіп отырмыз. Яғни ғалым егде жаста және танымал - оның сапарлары көп, сондықтан солардың шешімін күтіп отырмыз. Алдын ала бізге қызығушылықтың бар екенін және талқылайтындарын айтты. Сондықтан біз кішігірім сапарды жоспарладық, тур - ағылшынның ғылым музейіне, Кембриджге бару, Стивен Хокингпен кездесуді жоспарладық. Белгілі бір бағдарламаны жасап қойдық - жауапты күтеміз", − деді Сәлімов.

Исаак Мустопуло өз жобасын түсіндіреді.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін