Келімбетов Қазақстан экономикасының болашағы жайлы айтты

Келімбетов Қазақстан экономикасының болашағы жайлы айтты
Фото: oilnews.kz

ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов CFO Idea Exchange&Networking Event саммиті кезінде Қазақстанды қандай экономикалық болашақтың күтіп тұрғанын айтып берді.

"Қазақстанда болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік беретін макроэкономикалық факторлар бар. Мысалы, Ұлттық банктің құрылуы, теңгені еркін айналымға жіберу − осының барлығы болашақта жақсы нәтиже береді. Біздің валюта қорымыз жеткілікті және басқа елге қарағанда құтқарылатын мүмкіндігіміз бар,  деді Келімбетов.  Менің ойымша, Қазақстанның болашағы зор, мүмкіндіктері де жоғары. Мемлекет бір орында тұрмайды. Басқа елдерге қарағанда артықшылығымыз бар ма? Меніңше, бар",  деді ол.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін