Алматыда трамплиннен секіру бойынша Әлем кубогінің қысқы этабы басталды

Алматыда трамплиннен секіру бойынша Әлем кубогінің қысқы этабы басталды
Фото: kaz.tengrinews.kz

Алматыда трамплиннен секіру бойынша Әлем кубогінің қысқы этабы басталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарысқа 15 елден 150-ден аса спортшы қатысады. Оңтүстік астанаға келген олар екі күн бойы рейтингтік ұпайларын жинайды. Осылайша, көрермендер Петер Превц, Стефан Крафт сынды шаңғышылардың өнерін тамашалай алады.

Қазіргі таңда әйелдер арасындағы сайыс өтіп жатыр, олардың арасында жапон қыздары көшбасшы деп есептеледі. Ал ерлер арасындағы жарыс кешкі сағат 17.00-ге қарай басталды.

Ж. Исакаев