Ұлттық валюта әлсірей бастады

Ұлттық валюта әлсірей бастады
Фото: bizhack.info

KASE таңғы сессиясында теңгенің долларға қатысты бағамы 360,6 теңгеге тең болды. Ұлттық валюта алдыңғы сессияға қарағанда 3 теңгеге әлсіреді.

17 ақпандағы таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 360,93 теңгемен өтті. Саудада ең төменгі келісім 360 теңгемен жасалса, жоғарысы 362,5 теңгеге жетті. Сессияда сауда көлемі 29,4 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 356-365 теңге аралығында сатып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін