Ұлттық валюта шамамен 3 теңгеге нығайды

Ұлттық валюта шамамен 3 теңгеге нығайды
Фото: dixinews.kz

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 360,93 теңгеге тең болды. Бұл өткен аптадағы соңғы сессияға қарағанда 3 теңгеге төмен.

8 ақпандағы таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 364 теңгемен жасалды. Ең жоғары баға да осы болды. Ал сессиядағы ең төменгі келісімнің бағасы − 358,9 теңге. Сауда көлемі 24 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 358-364 теңге аралығында сатып жатыр.

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 10.30-да мұнай бағасы аздап өсті. Brent маркалы мұнайдың баррель құны 34,22 доллар болса, WTI маркалы мұнайдың баррель құны 31,06 долларға жетті.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін