Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Фото: massagetkz

Қазақстан аумағында демалыс күндері қар жауып, боран соғады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.

"Тропосферадағы батыс ағындары оңтүстік-батысқа ауысып, жылы ауа массасы оңтүстік циклондарымен Қазақстанға Алдыңғы Азия аудандарынан келе бастайды. Күндіз ауаның жылы болуына қарамастан, қар жауады, жылдамдығы секундына 15-25 метр болатын жел соғу жағдайлары демалыс күндері республиканың барлық аумағында күтіледі", − делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбіде тропосфералық ағындар оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысып, Кольск түбегі ауданынан суық ауа Қазақстанның солтүстік жартысына жайыла бастайды.

Дереккөз: Tengrinews

С. Ерсін