Елімізде баспана арзандамайды

Елімізде баспана арзандамайды
Фото: vsedela

Қазақстан үй салушылары ассоциациясының өкілдері елімізде баспана құнының түспейтінін айтып отыр. Оған себеп ретінде жылжымайтын мүлік нарығындағы ашықтықтың жоқтығы аталды.

Баспана сатып алғысы келетіндер, бірақ негізгі ұзақмерзімді трендтердер жайлы мәліметке ие еместер, нарықтағы баға ауытқуыларының есебінен өте сирек үйлерден үміттене алады. Ассоциация өкілдері кәсіби жасалған сараптаманы ашық қолданысқа шығарып, салынған үйлердің бағасының индексін қолданысқа енгізуге ниет білдірді.

"Баспана бағасының индексі мұнай бағасының индексі, металл және басқа ресурстардың индекстері сияқты маңызды индикатор бола алар еді", − дейді Ассоциация басшысы Аслан Түкиев. Ол халыққа нарықтың "термометрі" қажет деп есептейді, себебі Қазақстанда жаңа салынған баспаналар нарығында бірде-бір баға индикаторы жоқ. "Жылжымайтын мүлік нарығына бағытталған көптеген интернет-ресурс пен басылым бар, бірақ олардың басым бөлігі жаңа салынбаған үйлердің бағасын көрсетеді. Бұл бағалар жаңа салынған баспана нарығындағы бағадан 20-25 пайызға көп немесе нарықтағы барлық компанияның орташа бағасына негізделген көрсеткішті келтіреді. Одан ақылға қонымсыз бағалар шыға келеді", − дейді ол.

Оның айтуынша, ғажайыптар болмайды. "Үйдің бағасы өз құнынан төмен бола алмайды. Осы жағдайды пайдалана отырып, сатып алушыларды қызықтырарлық бағамен қойылған үйлерден абай болуға шақырамын. Қазақстанда жаңа үйлердің бағасы түспейді, мұндай болжамдар негізсіз. (...)", - деді ол.

Төменде жаңа салынған баспаналар бағасының динамикасының үлгісі көрсетілген.


Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін