Цукерберг әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде төртінші орынға көтерілді

Цукерберг әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде төртінші орынға көтерілді
Фото: r-ht.ru

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде төртінші орынға көтерілді, − деп хабарлайды Bloomberg.

31 жастағы Цукербергтің байлығы 50 миллиардқа бағаланды. Ол тізімнің жоғарғы жағындағылардың арасында жыл басынан бері байлығы көбейе түскен жалғыз миллиардер болып отыр. Айта кетейік, 2016 жылы Facebook акциялары 9,5 пайызға қымбаттады.

Жаңа рейтингте Цукерберг Amazon басшысы Джефф Безос пен Movil SAB иесі Карлос Слимді басып озды. Үздік үштікке Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс, Inditex басшысы Амансио Ортега мен инвестор Уоррен Баффет кірді.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін