Елбасы Рождество мерекесімен құттықтады

Елбасы Рождество мерекесімен құттықтады
Фото: matritca.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еліміздің православие христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.   

Қымбатты отандастар!

Еліміздің православие христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мереке адамдардың бойына сенімнің, үміттің және сүйіспеншіліктің сәулесін дарытып, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтардың айналасына біріктіруде.

Рождество діндарлардың жүректерін ерекше қуанышқа, бақытқа және таза пейілге кенелтеді. Бұл өзара түсіністік пен мейірімділіктің, жақын жандарға қамқорлықтың және көмекке зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің уақыты.

Барлық конфессиялар өкілдерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда. 

Жарқын Рождество мерекесінде шын жүрегімнен баршаңызға зор денсаулық, бақыт, молшылық және игілік тілеймін!

Дереккөз: inform.kz

Ө. Сансызбай