Қазақстан бағаны реттеуден толықтай бас тартады

Қазақстан бағаны реттеуден толықтай бас тартады
Фото: alevur

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда бағаны реттеу тоқтатылады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап доминанттар реестрін тек жоғары реттеу нарықтарына ғана енгізуді қарастырып отыр. 2017 жылдың 1 қаңтарынан батсап реестр мүлдем алынып тасталады.

"2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жібереміз, алайда оның орнына монополияға қарсы әдіс келеді. Суъектілердің әрекеті баға келісімінде қарастырылуы мүмкін. Бұл қиын жұмыс, дегенмен бүкіл әлем осылай әрекет етіп жатыр. Себебі бағаны реттеу − бизнес үшін тосқауыл. Экономиканың қарыштап дамуы үшін бәсекелестік жоқ", − деді ол Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

"Бүгінгінің реттеу құрылымы мынадай, табиғи монополияларды реттеуден басқа реттемелі нарық та бар: теміржол тасымалы, азаматтық авиация (ішкі тасымал), газбен жабдықтау, электр энергиясымен жабдықтау және тағы басқа. (...) Жақында біз ішкі әуе тасымалын бақылаудан босаттық, өйткені төртінші әуе компаниясы пайда болды. Бірақ әуе компанияларында бағаның қымбаттауы байқалмады", − деді ол.

Ол бағаны реттеу тек үнемі заң бұзушылық болған жағдайда жүргізілетінін айтты. "Бизнес үшін еркін әрекет ету мүмкіндігі, кәсіпкерлік еркіндік және бәсекелестік еркіндігі берілді. Бәсекелестіктен жарысу туындайды. Осыдан кейін баға төмендеуі мүмкін немесе ол кенеттен көтерілмейді. (...) Сондықтан да 2017 жылдан бастап бағаны реттеуден бас тартамыз", − деді ол.

Сонымен қатар монополияға қарсы органда бәсекелестік саласында заң бұзу материалдарын қарау жөнінде ұжымдық орган институты жұмыс істейді.

Дереккөз:Tengrinews.kz

С. Ерсін