Назарбаев 1 желтоқсан күні Астанада әскери-тарихи мұражайды ашады

Назарбаев 1 желтоқсан күні Астанада әскери-тарихи мұражайды ашады
Фото: nazarbaev.kz

Елбасы 1 желтоқсан күні Астанада Әскери-тарихи мұражайдың ашылу рәсіміне қатысады.

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

30 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шараларға қатысады.

Мемлекет басшысы 2 желтоқсанда елімізге ресми сапармен келетін Нидерланд Корольдігінің премьер-министрі Марк Рюттемен кездеседі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты, сонымен бірге, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау жоспарланған.

Дереккөз:  Tengrinews.kz

С. Ерсін