Coca-Cola компаниясы туралы бірер сөз

Coca-Cola компаниясы туралы бірер сөз
Фото: samara.go2all

Қарашаның 24 күні Coca-Cola мен басқа да алкогольсіз сусындар өндіру бойынша Орта Азиядағы жалғыз зауыт ККАБ (Кока-Кола Алматы Боттлерс) компаниясы  Алматы қаласында БАҚ өкілдері үшін есігін айқара ашты, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Баспасөз туры барысында журналистер жалпы аумағы 22 мың шаршы метр құрайтын зауыттың өндіріс және қойма үй-жайларына барып, Компанияның Бас Директоры Ахмет Ертинмен кездесті. Компания қызметкерлері тұрақты даму бойынша келешектегі жоспарларымен, пайымдарымен бөлісіп, ККАБ компаниясының экология, еңбекті қорғау және әлеуметтік жобалар саласындағы қызметінің 20 жылдық қорытындысын жасады.

Ахмет Ертин, "Кока-Кола Алматы Боттлерс" компаниясының Бас Директоры: «Қоғамның әл-ауқаты өсуі және қызметкерлеріміз бен тұтынушыларымыздың денсаулығы, бизнесіміздің келешегі экологиялық салауаттық пен табиғи ресурстар сақталуына тәуелді екеніне нық сенімдіміз. Өз жобамыз арқылы ұдайы инвестициялар салу, жұмыс орындарын құру, техникалық инновациялар енгізу, экология мәселелеріне жауапкершілікпен қарау, жергілікті қоғамдастықтың өмір сүру сапасын жақсарту жолы мен қоғамның гүлденуіне бизнестің қосар үлесі зор екенін көрсетуге талпынамыз.

Атап айтқанда,біздің компаниямыздағы штат саны 900 жұмыс орнын құрайды. Зауыттың өндірістік қуаты − 108 млн. шартты кейс. Бізде 68 000 сату орны жұмыс істейді. Зауыт Орта Азиядағы 17 миллион халықтың қажеттілігін қанағаттандырып келеді. Бұл ретте экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлеміз. Өндірістегі қалдықтарды қайта өңдеудің жалпы пайыз көрсеткіші 2014 жылы 91,7%-ға жетті. 2006 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде су пайдалануды қысқарту деңгейін 21%-ға жеткіздік.

Экологиялық қауіпсіз тоңазытқыш қондырғылар арқасында 2013 жылы CO2 шығарылуын – 13,8 миллион ағаштың жыл сайын қоршаған ортадан жұтатын көлемімен шамалас мөлшерге қысқарта алдық. Бірақ біздің бастамамыз мұнымен шектеліп қалмайды. Корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік туралы айтар болсақ, соңғы 3 жылда компания табысы 1,8%-ы қайырымдылық мақсаттарға және жастардың бойында салауатты өмір салтын ұстану әдетін қалыптастыруға, жас қазақстандықтардың спортпен айналысуы үшін нақты жағдай жасауға жұмсалды".

Іс-шара аясында 20 жыл бойы қолға алынып келген, ККАБ компаниясының орнықты даму стратегиясы шеңберінде іске асырылып жатқан жобалар нәтижесі алдын-ала ұсынылып, қорытынды жасалды. 

С. Ерсін