Жолдардың жабылуы туралы ақпарат

Жолдардың жабылуы туралы ақпарат
Фото: autozam.ru

ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды. Солтүстік Қазақстан облысында сағат ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) 18:30-дан бастап барлық көлік түрлеріне барлық бағыттар бойынша қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола облысында сағат 20:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) барлық көлік түрлеріне «Көкшетау-Петропавл» (304-341 шақырым), «Көкшетау-Рузаевка» (0-61 шақырым), «Көкшетау-Омбы» (2-50 шақырым) бағыттары бойынша қозғалыс тоқтатылды.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы