AMAL-BIO агроном мамандарын жұмысқа шақырады

AMAL-BIO агроном мамандарын жұмысқа шақырады
Фото: yvision.kz

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында аграном саласы бойынша Халықаралық Университеттерде білім алған жас таланттарды Амал-Био компаниясына жұмысқа шақырды. Автордың айтуыша, қазіргі таңда агроном саласын жетік меңгерген мамандар тапшы екен. Соған сәйкес ол келесі мамандықтар бойынша оқыған түлектерді  іздейді: 

— агроном-бағбан;

— агроном-генетик;

— агроном-техник;

Сонымен қатар, ол компания осы сала иелерін ары қарай өсіп-өнуіне жағдай жасап, үйретуге дайын екендігін жазды. Талапкерлер өз түйіндемелерін мына поштаға жіберулері тиіс:  margulanteam@gmail.com

AMAL BIO − жеміс-көкөністерін нарықтағы жаңа әдіс пен жоғары технология арқылы өсіруге бағытталған заманауи ауыл шаруашылық жоба. 

С. Ерсін