Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен өрт шықты

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен өрт шықты
Фото: tn.kz

Алматыда Әл-Фараби көшесінде орналасқан Esentai Mall орталығында өрт шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салдарынан 600-ге жуық адам (180 бала) эвакуацияланды. Болжам бойынша, түтін ғимараттың төртінші қабатынан шыққан.

"Бес қабатты "Есентай-Молл" сауда және ойын-сауық орталығының бірінші және екінші қабатының ортасындағы қабырғада ауданы 10 шаршы метр өрт болды", – деп хабарлады қалалық ТЖД.

Әл-Фараби даңғылында көлік кептелісі болды. Болжам бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 16.30-да ауыздықталды.


moreInfo:http://kaz.tengrinews.kz/events/almatyidagyi-sauda-ortalyiktaryinyin-brnen-ort-shyiktyi-266335/
copyRules

М. Бисембаева