Ұлттық банк ортақ валюта жөнінде пікір білдірді

Ұлттық банк ортақ валюта жөнінде пікір білдірді
Фото: tn.kz

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі талқыланған емес. Бұл туралы "Астана" арнасы жолдаған сауалға берген жауабында еліміздің Ұлттық банкі айтты, – деп жазады Tengrinews.kz.

"Интеграциялық бірлестікке мүше елдер ортақ валюта енгізу үшін бірдей валюталық, ақша-несие саясатын жүргізу керек. Оған қоса Еуроодақ тәжірибесіне сәйкес салық-бюджет саясаты да бірдей болуы тиіс. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің құрылымы мен экономикалық ерекшеліктері, ақша-несие, салық-бюджет саясаттарының айырмашылықтары, төлем қабілетінің, табиғи ресустарының әр түрлі болуы ортақ валюта енгізуге мүмкіндік бермейді. ЕАЭО шеңберінде ортақ валюта енгізу талқыланған емес", – делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік дума комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ валютасының "евраз" деп аталуы мүмкін екендігін айтқан. 

М. Бисембаева