Доллар бағамы 312 теңгеден асты

Доллар бағамы 312 теңгеден асты
Фото: alau.kz

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 312,65 теңгеге жетті. Айта кетейік, өткен апта 310,85 теңге бағаммен жабылған болатын.

9 қараша күні таңғы саудада бірінші келісім 313,5 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға — 308,5. Ал ең жоғарысы 315 теңгеден асты. Сауданың жалпы көлемі 64,55 миллион доллардан жоғары болды. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Астана уақытымен сағат 11.00-дегі жағдай бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 310-313 теңге аралығында болды.

5 қарашада Ұлттық банк резервтерді сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын қысқартатыны туралы мәлімдеме жасады. Теңгенің айырбастау бағамы бұдан кейінгі серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін