Алматыда трамвай депосының жұмысы тоқтатылады

Алматыда трамвай депосының жұмысы тоқтатылады
Фото: tn.kz

Алматыда трамвай депосының жұмысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктегілердің айтуынша, Бауыржан Байбек трамвай депосына барып басшылыққа жұмысты қалыпқа келтіруді және трамвайларды мұндай күйде пайдалануға болмайтынын мәлімдеп, қызметті тоқтатуды тапсырды.

Сонымен қатар, әкімдіктегілер жыл басынан бері трамвайлардың 43 рет рельстен шығып кеткенін айтты. Айта кетейік, трамвай депосының жұмысы толықтай қаралып, 90 адам оқудан өтеді және жұмысқа тәжірибесі бар адамдар ғана алынады.

Трамвай-кафе жұмысының да тоқтауы мүмкін.


© Иван Глущенко 

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Алматыда трамвайдың қатысуымен ірі жол апаты болды. Оқиғадан кейін бірнеше апта өткенде тағы бір жол апаты тіркелді, ол да трамвайдың қатысуымен болған еді.

М. Бисембаева