Ағылшын ғалымы 17 қазанда "алапат жер сілкінісінің" болатынын айтты

Ағылшын ғалымы 17 қазанда "алапат жер сілкінісінің" болатынын айтты
Фото: tn.kz

Лондон университетінің инженері Мерхан Кеше 17 қазанда "алапат жер сілкінісінің" болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оның айтуынша, апаттың себебінен Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтарын цунами басады. Ғалым 40 миллион адамның қаза табатынын айтып отыр.

"Мексика мен Мексика шығанағы жойылады. Қытай мен Жапонияда да адам шығыны болады", - деді ғалым. Оның айтуынша, америкалық билік апат кезінде адамдарды дереу құтқара алмайды. Маман жер сілкінісінің міндетті түрде болатынын айтып отыр.

Солтүстік Америкада алдағы уақытта оқу-жаттығудың болатыны анықталды. Америкалықтар мен канадалықтар апат кезіндегі іс-әрекеттерін жетілдіреді. АҚШ билігі Калифорнияда алдағы 30 жылда 6,5 балдық жер сілкінісі болатыны 99 пайызға дәлелденгенін хабарлады.

М. Бисембаева