Ауа райы: Үш облыста жаңбыр соңы қарға ұласады

Ауа райы: Үш облыста жаңбыр соңы қарға ұласады
Фото: siryx

Үсікке байланысты Қазақстанның үш облысында ескертпе жарияланды. 

14 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын түсіп, жаңбырдың арты қарға айналады. Сонымен қатар, түнгі ауа температурасының төмендеуі мүмкін, түнде 1-6 градус жылы, кей жерлерде 1-6 градус суық, күндіз 7-12 градус, кей жерлерде 15 градус жылы болады.

"15-16 қазан күні Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жауын жауып, 15 қазан күні түнде таулы аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады. Түнде 2-7 градус жылы, кей жерлерде 3 градус суық болады, ал күндіз 8-13, кей жерлерде 16 градус жылы болады", - дейді синоптиктер.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін