Қазақстандық ғалымдар қан тапсыруға арналған сақина жасап шығармақ

Қазақстандық ғалымдар қан тапсыруға арналған сақина жасап шығармақ
Фото: bnews.kz

Қазақстанда қан тапсыруға арналған сақина пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде бүгін инновация тақырыбы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған тренинг барысында Nazarbaeyev University Research and Innovation Systems бағаналық жасуша зертханасының қызметкері Дәмел Мектепбаева мәлімдеді, – деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Инфекциялық ауруларды тексеретін сақина біздің жобамыздың негізі деуге болады. Біз АҚШ-тың Силикон алқабында екі аптаның ішінде компания ашып, патент алдық және алғашқы прототипті әзірледік. Бұл сақинаны саусаққа кигеннен кейін оны басасыз. Сақинаның ішіндегі электронды анестезияның арқасында сіздің саусағыңыздан алынған қан тамшысы чипке келіп түседі, яғни жедел диагностика жүргізіледі. Бұл бар болғаны екі минут уақытты алады. Содан кейін анықталған ауру түрі, оны емдеу жолдары және аурдың белгілері туралы қосымшадан біле аласыз. Жалпы, біздің команда үш адамнан тұрады және бәрімізге медицина саласы жақын. Сол себепті біз адамдар үшін пайдалы жобаларды ойлап табумен айналысамыз», – деді ол. 

Д.Мектепбаева аталған сақинаны әзірлеу барысында балалардан қан алу процесін неғұрлым ауыртпай жүргізу мәселесі басты ұстаным ретінде болғанын айтты. Одан кейінгі идеялардың барлығы осы негізде туындаған. 

 

М. Бисембаева