Ақтаулық жолаушылар 14 сағаттан бері Мәскеуге ұша алмай отыр

Ақтаулық жолаушылар 14 сағаттан бері Мәскеуге ұша алмай отыр
Фото: 24.kz

Жүзге жуық жолаушы 7 қыркүйек күні сағат 08:00-де Мәскеуге ұшып кетуі тиіс болатын.

«Трансаэро» әуе компаниясы Ақтау халықаралық әуежайына 10 млн. теңге қарыз болғандықтан, соңғы тарап қызмет көрсетуден бас тартқан. Сол себепті «Ақтау-Мәскеу» бағытындағы ұшақ ұшу кестесінен шамамен 14 сағатқа кешігіп жатыр. «Біз тасымалдаушы қарызын өтемесе, қызмет көрсетпейтініміз жөнінде бірнеше рет ескерту жасағанбыз», - дейді әуежай басшылығы. Екі тараптың келіспеушілігінен жолаушылар әуежайда түнеуге мәжбүр. Өйткені келесі ұшу уақыты сағат 02:00-ге жоспарланып отыр.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы