Алдағы күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде қар жауады

Алдағы күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде қар жауады
Фото: hq-oboi.ru

Демалыс күндері өткен жаңбыр, шаңды дауылды қатты желге қарамастан, Қазақстанның ауа температурасы климаттық нормадан 1-3 градус, оңтүстік және шығыс өңірлерде 3-8 градус жоғары. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Таяудағы  үш тәулікте республиканың оңтүстігінде және шығысында осы аумаққа жылжитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және аздаған суықтан кейін қайтадан температураның көтерілуі күтіледі.

Қазақстанның батысында және солтүстігінде бәрі керісінше.

Егер жақын арадағы екі тәулікте жылылық және жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, онда Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік-батыс аудандарынан жылжитын циклон 8 қазанда жаңбыр әкеледі, түнгі уақытта жылбысқы қар жауып, күннің суыта түсуіне соқтырады.

Дереккөз: Nur.kz

Е. Жұмабайұлы