Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Құрбан айт мейрамы құтты болсын!
Фото: tn.kz

Бүгін Құрбан айт мейрамы басталды. 

Сіздерді осы мейраммен құттықтаймыз! Құрбан айт мейрамы – мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, cекілді адами құндылықтарды насихаттайтын басты мерекелерінің бірі.

Қастерлі Құрбан айт мейрамы игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады.

Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын!

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мейрамы. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаға арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

М. Бисембаева