Алматыда ірі жол апаты болды

Алматыда ірі жол апаты болды
Фото: tn.kz

Алматы қаласында бірнеше көлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Жол-көлік оқиғасы Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болды. Жол апатының мән-жайы белгісіз, оқиға болған жерде төңкерілген бірнеше көлік жатыр, олардың кейбірі жиырылып қалған. Жол апатына Байтұрсынов көшесінің бойымен жүріп бара жатқан трамвай да ұшырады. Жол жабылған. Оқиғаның куәгерлері зардап шеккендерге көмектесіп жатыр. 

Әзірше зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ, оқиға орнына жедел жәрдем келмеді. Куәгерлердің айтуынша, жол апатының болған жерде жанармай төгілген.


М. Бисембаева