Қазақстандық әнші Украинаның Х-Factor шоуына қатысты

Қазақстандық әнші Украинаның Х-Factor шоуына қатысты
Фото: tn.kz

Бірнеше жыл "Индиго" тобының солисі болған қазақстандық әнші Айбөпе Қарашева (Aibu) Украинаның Х-Factor шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орындаушы Jessie J атты әншінің Domino әнін орындады. Өнерпаз қазылар алқасының төрт мүшесіне де ұнап, келесі кезеңге өтті. 

Айта кетейік, әнші Айбөпе Қарашева музыкалық конкурстарда бірнеше мәрте жеңіске жеткен. 2011 жылы “Екі Жұлдыз” бағдарламасында Қайрат Нұртаспен бірге өнер көрсетті. Кейін "Индиго" тобының ұжымымен бірге "Жаңа толқын" шоуының жартылай финалына шықты.

М. Бисембаева