Алматы облысында 5 балдық жер сілкінісі болды

 Алматы облысында 5 балдық жер сілкінісі болды
Фото: otyrar.kz

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі   бүгін сағат 15:20:15-те жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы ақпаратынша, жер дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай  115 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.8, магнитуда MPV - 5.0, ошақ координаттары - 43.44° с.ш. 78.30° в.д., тереңдігі - 25 км.

Дереккөз:kazinform.kz

Н. Нұрмаханұлы