Айымбетов "Байқоңыр" айлағынан ғарышқа аттанды

Айымбетов "Байқоңыр" айлағынан ғарышқа аттанды
Фото: tn.kz

2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де "Байқоңыр" айлағынан "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесімен "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны ұшты. Экипаж құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон бар, - деп хабарлайды Tengrinews.tv. Айымбетов ғарышқа екінші бортинженер ретінде аттанды.

Ұшар алдында ғарышкерлер жақындарымен қоштасты. Ұшуға бірнеше сағат қалғанда экипаж Росғарыш басшысы Игорь Комаровқа ұшуға дайын екендігі жайлы есеп берді. Осыған дейін Айдын Айымбетов, Сергей Волков және Андреас Могенсен Байқоңыр қаласындағы "Космонавт" қонақүйінен шығып, "жұлдызды" автобуспен "Энергия" корпорациясының монтаж-сынақ корпусына дейін барды. Онда олар скафандрларын киді. Дайындық жайлы есеп берілгеннен кейін ғарышкерлер ғарыш кемесіне мінуге аттанды.

М. Бисембаева