Қазақстанда жаңа жанармай дағдарысы болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа жанармай дағдарысы болуы мүмкін
Фото: fastkat.ru

Павлодар мұнай-химия зауыты мен Атырау мұнай өңдеу кәсіпорнының жөндеу жұмыстарына жабылып қалғаны жанармайдың нарықта азаюына себепкер болуы мүмкін, - деп хабарлайды 31 арнасы.

Ал ресейлік бензин қымбатырақ болғандықтан, сарапшылар мұнай тапшылығы орын алады деп болжауда.

Бұл жыл сайын қайталанатын жағдай. Қазақстанның жанармай шығаратын үш зауытының екеуі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылып қалды.

Есептеулер бойынша, күзде республикамыз 270 мың тонна бензинді пайдаланып жүр. Үш мұнай өңдеу зауыты олардың 60 пайызын ғана қамтамасыз ете алады.

Қалған 40 пайызы Ресейден келеді. Ал осы жолы Ресейдің бензин құны әлдеқайда қымбат. Мұнымен қоса, Қазақстанның мұнай қоры тек бір айға ғана жетеді.

Осыған байланысты өткен жылдың күзінде болған жанармай тапшылығы қайталануы мүмкін.

«Қазір ресейлік бензиннің бағасы литріне 125 теңге. Біздің елден мұндай бағаға кім сатып алады? Қыркүйекте бензин болғанымен, есептеулер оның қазанда тапшы болатынын көрсетіп тұр», – дейді мұнай-газ секторының сарапшысы Сергей Смирнов.

Сарапшылар алдағы уақытта Энергетика министрлігін күрделі таңдау күтіп тұрғанын айтуда: бағаны өзгеріссіз қалдырып, жанармай тапшылығын тудыру, не болмаса бағаны көтеру. Бұл өз алдына барлық тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеліп соқтырмақ.

Ф. Абилова