Алматыдан 340 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 340 км қашықтықта жер сілкінді
Фото: sputnik.kg

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ Сейсмикалық стансалар желісі 29 тамыз күні сағат 05:02-де Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 340 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды BNews.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 340 км қашықтықта орналасқан.

Энергетикалық санаты 10.5. Магнитудасы MPV 4.8. Тереңдігі 10 км.

Қалада жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы мәлімет жоқ (МSК-64 шкаласы бойынша).

Ф. Абилова