ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған іс-шара өтті

ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған іс-шара өтті
Фото: kgd.gov.kz

ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнде бүгiн Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған іс-шара өтті. Ақынның мерейтойына арналған іс-шарада Комитет қызметкерлерi Абайдың шығармалары бойынша сөз сөйледi. Бұл туралы Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнің ресми сайты хабарлады.

Осы шығармашылық кеште Ұлы ақынның терең ұғымды өлеңдері мен әндері айтылды. Олардың ішінде «Көзімнің қарасы» өлеңі қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде оқылды.

Қазақ ағартушысының мерейтойын атап өту шеңберіндегі ұқсас іс-шаралар мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарында да өткізілді. Олардың ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Абай – қазақ ой-санасының шыңы» көрмесін ұсынды. Абайдың мұрасы және оның өмірі мен шығармашылығы туралы үш бейне фильм көрсетілді.

Абай поэзиясы қазақ халқының рухани өмiрінде және оның әдебиетінде маңызды орынға ие. Абай жазған өлеңдер, әндер ауыздан-ауызға таралған. Оның «Қара сөздерін» кейбiр зерттеушiлер тұтас философиялық трактат сияқты қабылдайды.

Ж. Өрісбай