Алматыдан 117 шақырымда жер сілкінді

Алматыдан 117 шақырымда жер сілкінді
Фото: tn.kz

Алматыдан 117 шақырымда жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сейсмология институтына сілтеме жасап.

"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ сейсмикалық станcасы 2 тамызда Астана уақыты бойынша 22.13-те жер сілкінісін тіркеді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде Қырғызстан территориясында болды", - делінген хабарламада. 

Жер асты дүмпулерінің магнитудасы - 3,8. Сонымен қатар, сол күні 06.03-те Алматыдан 559 шақырымда, Қытай территориясында жер сілкінісі болғаны хабарланып отыр. 

М. Бисембаева