Астанада салқындатқыштың қызып кетуінен болған өрт ауыздықталды

Астанада салқындатқыштың қызып кетуінен болған өрт ауыздықталды
Фото: pinwin.ru

«Гранд Алатау» тұрғын үйінің жоғарғы қабатында орналасқан балконнан өрт шықты. Белгілі болғандай, өрт салқындатқыштың қызып кетуінен болған, – деп хабарлайды 24.kz

Тілсіз жауды оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру қызметі ауыздықтап үлгерді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы ақпаратты Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Евгения Горобец таратты. Естеріңізде болса, ҚР ІІМ ТЖК бұған дейін еліміздің бірқатар аумағында аптап ыстық болады деп ескерткен еді.

Е. Жұмабайұлы