Ауа райы: Демалыс күндері ыстық болады

Ауа райы: Демалыс күндері ыстық болады
Фото: tn.kz

Демалыс күндері ыстық ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Иран аудандарынан тропикалық ауа Қазақстан аумағына келіп жатыр. Сондықтан, демалыс күндері және дүйсенбі күні өте ыстық болады (температура нормадан 6-12 градусқа жоғары), республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды", - делінген хабарламада.

Жақын арадағы тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауады, бірақ жексенбі күні мұнда да температура климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары болады. "Қазақстанның батыс облыстарында атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр жауады және ыстық бәсеңдейді", - деді синоптиктер.

М. Бисембаева