Алматы өмір сүру қымбат тұратын қалалар рейтингінде Люксембургпен теңесті

Алматы өмір сүру қымбат тұратын қалалар рейтингінде Люксембургпен теңесті

Консальтингтік Mercer компаниясының зерттеуі бойынша Алматы шетелдіктер үшін ең қымбат қалалар рейтингінде 207 қаланың ішінде 94-ші орын алды, , — деп хабарлайды Nur.kz порталы.

2014 жылы Алматы 111-ші орында болатын. Баку 2015 жылы 46-шы орыннан 33-ші орынға, Ашхабад –198-ші орыннан 127-ші, Ташкент — 180-шіден 162-ші орынға көтерілсе, Киев 98-ші орынан 184-ші орынға, Ереван –187-ден 192-ге, Тбилиси – 194-шіден 198-ші орынға, Минск 191-ден 200-ші орынға түсті.

Бішкек былтырғыдан екі тармаққа түсіп, рейтингінің ең соңғы 207-ші сатысында қалды.

ТМД қалаларының ішінде ең күшті өзгерген Мәскеу (ол 9-шы орынан 50-ші орынға дейін түсті) мен Санкт-Петербор (2014 жылы 35-ші орыннан 2015 жылы 152-ші орын) болды

Рейтинг бойынша шетелдіктер үшін ең қымбат қалалар Луанда (Ангола), Гонконг және Цюрих. Одан басқа, ең қымбат қалалар топ тізіміне Женева, Бейжің мен Сеул кіріпті.

Рейтинг соңында Карачи (Пәкстан), Виндхук (Намибия) және Бішкек тұр.

Е. Жұмабайұлы