Астанада Mercedes Gelandewagen аударылып қалды

Астанада Mercedes Gelandewagen аударылып қалды
Фото: tn.kz

Астанада тұрақта тұрған көлікпен соқтығысқан Mercedes Gelandewagen аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ІІД әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

"Жол-көлік оқиғасы 31 мамыр күні таңғы сағат 05.00 шамасында Түркістан көшесіндегі №13 үйге қарама-қарсы жерде болды. Mercedes Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісі Түркістан көшесімен Сарайшық көшесіне қарай кетіп бара жатып, №13 үйдің қарама-қарсысында рульге ие бола алмай, Түркістан көшесінде тұрақта тұрған Toyota маркалы автокөлікке соғылды", - деп хабарлады Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Лариса Красникова.

Мамандардың хабарлауынша, жол апатының салдарынан Mercedes Gelandewagen бір жағына қарай ауып, аударылған және оның жүргізушісі әртүрлі дене жарақатын алды. Бұл дерекке қатысты қазір тергеу жүріп жатыр, оның барысында жол апатының себебі анықталатын болады. Басқарманың мәліметінше, жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат және көліктің иесі - 1983 жылғы ер адам.

М. Бисембаева