Алматыда жасыл велосипедшілер мүсіні пайда болды

Алматыда жасыл велосипедшілер мүсіні пайда болды
Фото: tn.kz

Алматы қаласында ерекше жасыл велосипедшілер мүсіні пайда болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Жеті велосипедші түріндегі конструкция Әл-Фараби даңғылында пайда болды. Ал қала декораторлары бұл іспен тоқтап қалғысы келіп отырған жоқ. Маусым айында "Медеу" алдында конькишілердің, "Шымбұлаққа" барар жолда сноубордшылардың және Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында палуандардың мүсіндерін қою жоспарланған.

"Жазда олар гүлдейді, мүсіндер қыста та тұрады. Түнде жанып тұрады. Бүгінге дейін бұл екінші конструкция", - деді Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Алмат Әмірешев.

Барлық мүсінді Алматының мамандары жасады. Жалпы сегіз мүсін жасалады. Бір фигураны жасауға шамамен бір апта уақыт жұмсалады. Айта кетейік, Әл-Фараби даңғылындағы велосипедшілер мүсінін жасауға бюджеттен 14 миллион теңге жұмсалды. 

М. Бисембаева