Ақтау қаласы маңындағы тас жолда автомобиль өртеніп кетті

Ақтау қаласы маңындағы тас жолда автомобиль өртеніп кетті
Фото: tn.kz

Маңғыстау облысы Ақтау - Форт-Шевченко тас жолында автомобильден өрт шығып, жарылыс болды, - деп хабарлайды "Лада". Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Алдын ала болжам бойынша, автомобильде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған. Нәтижесәнде өрт пайда болып, газ баллоны жарылды. Ақтау қаласының тұрғыны, 30 жастағы жүргізуші жарақаттанған жоқ. Жалынды өрт сөндірушілер келіп ауыздықтады.

Полицейлердің айтуынша, жарылыс болған кезде автомобильдің маңынан өтіп бара жатқан Kia Sportage аялдамаға барып соқты. Жүргізуші жарылыстан қорқып кетсе керек, дегенмен ол дін аман. Болған оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

М. Бисембаева