Қазақстанда 90 мыңға жуық киік қырылды

Қазақстанда 90 мыңға жуық киік қырылды
Фото: tn.kz

Жаппай қырылған киіктердің саны 90 мыңға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанай және Ақтөбе облыстарында киіктердің бетпақдала популяциясының жаппай қырылу салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. "Ақтөбе облысында өткен аптаның соңынан киіктердің қырылуы тіркелмеген", - деп мәлімдеді министрліктегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қостанай облысының аумағы киіктердің бетпақдала популяциясының төлдеу орны болып есептеледі. Өлген дарақ киіктерден барлық жануарларға ортақ пастереллез ауруының анықталуына байланысты 2015 жылдың 22 мамырынан бастап Қостанай облысының Амангелді ауданы Үрпек ауылдық мекені аумағында ветеринарлық-санитарлық шектеулер енгізілді.

Ал киіктердің бетпақдала популяциясының қырылу дерегі тіркелген "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватында жағдай тұрақтанды. 22 мамырдағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында 3092 дарақ киік өлді. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қызметкерлерінің мәліметінше, өткен аптаның соңынан бастап аймақта киіктердің қырылу дерегі тіркелмеген.

Сонымен қатар, 21 мамыр күні Ақмола облысының Жарқайың және Жақсы аудандарының шекарасында киіктердің қырылу дерегі тіркелді. Қазіргі таңда киіктердің 4293 мың ұшасы жойылды. Ақмола облысында киіктердің қырылу аумағында халықаралық мамандар жұмыс істеп жатыр: Корольдік Ветеринария колледжінің өкілі Ричард Кох, Франкфурт Зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутер және ФАО өкілі Сергей Хоменко.

М. Бисембаева