Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: tn.kz

Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, 22 мамырда қатты нөсердің салдарынан Алматы облысындағы кейбір өзендерде су тасу қаупі бар. "Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын, туристерді таулы аймаққа саяхаттамауға, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында барлық қауіпсіздік шарасын қолдануға шақырамыз", - делінген ТЖД таратқан дауылға байланысты ескерту туралы хабарламада.

Осыған дейін, мамыр айында Қазақстанның бірқатар облысында күн суытатыны хабарланған болатын. 13 мамыра Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында дауылға байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер ауа температурасының 3 градусқа дейін төмендейтінін айтты. Сонымен қатар, Ақмола облысында да ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді деп күтілді. Тек оңтүстік өңірде ғана күн ашық болды. Сонымен қатар, синоптиктер 21-23 мамыр аралығында Батыс Сібірден келген циклон өзінің ықпалымен Қазақстан солтүстігінің жарты аймағын қамтитынын, соның әсірінен кей жерлерде қатты дауыл соғып, желдің екпіні секундына 30-32 метрге жететінін хабарлады.

М. Бисембаева