Алматы автобустарында тегін Wi-Fi пайда болды

Алматы автобустарында тегін Wi-Fi пайда болды
Фото: profit.kz

Алматы автобустарында тегін Wi-Fi Интернет пайда болды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Қазір Алматы көшелерінде тегін интернеті бар 60 автобус жұмыс істейді. Нақтырақ айтсақ, 16, 48, 59 және 100 бағытындағы автобустарға сымсыз интернет қосылды. "Автобустарымызда тегін интернет орнатуды ойлап жүргенімізге көп болды", - деді "Бату travel компаниясы" ЖШС автобус паркінің директоры Бауыржан Төлбасов. 

Айта кетейік, Алматы тегін Wi-Fi Интернеті бар сегізінші қала болды. Бастама көтергендердің мәліметінше, елде бірнеше қалада 200-ден астам автобус жолаушыларын тегін интернетпен қуантып жүр. Бұл жоба 2013 жылы Петропавлда іске қосылған еді, бұдан кейін тәжірибені Көкшетау, Түркістан, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда қалалары алды. Қазіргі уақытта Павлодар, Өскемен қалаларында қоғамдық көлікке тегін интернет орнату мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Түгелдей бір кезеңде қолданушылар 5 терабайт мәліметті қолданыпты.

М. Бисембаева