Алматының бас жоспарының кезеңаралық концепциясы жасалды

Алматының бас жоспарының кезеңаралық концепциясы жасалды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов облыс аудандарындағы қалаға жақын салынып жатқан құрылыстар мәселесін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз хабарламасында Алматының сәулет-жобалау қауымдастық өкілдері Ахметжан Есімовке 2030 жылға дейінгі қала құрылысы Бас жоспарының кезеңаралық Концепциясын таныстырғаны айтылды.

Ұсынылған жобалар Алматы аумағының кеңеюіне байланысты Бас жоспарға сай ұсынылды. Жобалардың авторлары қоғамдық және жедел көлік түрлері, магистральді жолдары, абаттандарылған көшелері бар контрмагниттер болып табылатын тиімді қалаларды құру мәселесін шешудің әдістерін ұсынды. Ахметжан Есімов ерекше қала құрылысы аймақтарының Бас жоспарды ескере отырып жасалуы керектігін айтты.

Оның айтуынша, Алматыдан жырақ орналасқан Қапшағай, Шелек, Есік, Ұзынағаш контрмагнитті қалалар болуы тиіс. "Кейбір контрмагниттер қызыл сызықтан шығып, қалаға қосылып кеткен. Сондықтан Бас жоспарда қаладан жырақ жатқан контрмагниттердің ескерілуі тиіс екендігі міндет етіп қойылған. Қаламен бірге Алматы облыстық әкімдігіне де бұл мәселелерді барынша жіті қарау ұсынылады. Өйткені, бұл жерлерде құрылыс келеңсіз жүріп жатыр, оларды тоқтатып, аталған елді мекендердің бас жоспарларын қарап шыққан жөн, өйткені олар ескерілмейді", - деді Ахметжан Есімов.

сурет: tn.kz

Е. Қайрахан