Мамандарға су тасқыны туралы ескертудің тиімділігін арттыру тапсырылды

Мамандарға су тасқыны туралы ескертудің тиімділігін арттыру тапсырылды

Ақордадағылар су тасқыны туралы ескерту тиімділігін арттыруды қажет деп есептейді. Онда Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтің төрағалығымен "Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздік" тақырыбында Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ермекбаевтің отырысқа қатысушыларға су тасқыны, болуы мүмкін залалды азайту, табиғи апаттардың пайда болуын ескерту мен оны болжаудың тиімділігін арттыру мәселесі бойынша ғылыми, сараптамалық қолдау көрсетуге шақырғаны хабарланған. 

Ол Қазақстанның тұрақты дамуы мен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне Мемлекет басшысының ерекше назар аударып отырғандығын атап өтті. "Қазіргі уақытта еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуда нақты шешімдер қабылдау қажет және осы салада азаматтарды үнемі қауіп-қатерлер туралы алдын ала ақпараттандырып отыру қажет", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Сарапшылар экологиялық тәуекелдер, атап айтқанда климаттың өзгеру салдары, жердің тозуы мен шөлге айналуы, суды тиімсіз пайдалану, өндірістік қалдықтар мен қоқыстардың жиналуына алаңдаулы екенін білдірді. Олардың тарапынан Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің қауіп-қатерін азайту мен алдын алу туралы нақты ұсыныстар түсті.

Қазақстандық бейінді ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері мен үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысқан отырыстың қорытындысы бойынша, Қауіпсіздік Кеңес қызметі мен мемлекеттік органдардың жұмысында одан әрі пайдалану үшін нақты ұсыныстар берілді.

сурет: tn.kz

Н. Айдархан