Шығысты шулатып жатқан қос қазақ

Шығысты шулатып жатқан қос қазақ
Фото: DalaNews

Арай АйдарханДимаш Құдайбергеннің музыкалық проюсері екенін бәріміз білеміз. Ол жай ғана продюсер емес, талабынан тамшы тамған музыкант, әнші әрі қытайдағы ең танымал адамдардың бірі. "Мен әншімін" жобасына қатысып жатқан Димаш бауырымызға қолдау көрсетіп, қасынан табылып жүрген жігіттің өзі де құр алақан емес. Себебі ол да миллиардтың ішінде өтіп жатқан тағы бір үлкен жобаға қатысып жатыр. Жобаның өзі де байқау түрінде жүзеге асып жатыр. Әзірге қандасымыз "Самалтау" әнімен үздіктердің қатарында тұр. Қобыздың сүймелдеуімен орындалған әнді тыңдап көріңіз.

М. Ақан