Қазақ космонавты Айымбетов ғарышқа сапар шегеді

Қазақ космонавты Айымбетов ғарышқа сапар шегеді
Фото: rus.ozodi.org

30 тамыз күні Байқоңыр ғарыш айлағында Ресейдің «Союз-ФГ» зымыран тасығышы құрастырылған. Бұл зымыран тасығыш арқылы 2 қыркүйек күні «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі ұшырылады, - деп хабарлайды azattyq.org порталы. 

Зымыранды Байқоңырдағы №1 ұшыру алаңына 31 тамыз күні орнатуға шешім шығарылған. «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2 қыркүйек күні, Мәскеу уақытымен сағат 07:37-ге жоспарланған.  

«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажы құрамында Қазақстан космонавты Айдын Айымбетов, "Роскосмос" космонавты Сергей Волков және ЕКА астронавты Андреас Могенсен бар. Айдын Айымбетовтың ғарыш сапарының шығыны Қазақстан тарапынан төленеді.

@. @assel_assanova