Mezzo тобы Il Divo квартетінің солистерін таңғалдырды

Mezzo тобы Il Divo квартетінің солистерін таңғалдырды
Фото: youtube.com

Жақында Астанада әлемдік опера жұлдызы, Гиннестің рекордтар кітабына енген Il Divo квартеті концерт берді. Шығармашылық кештен кейін топ мүшелері қазақстандық Mezzo тобымен кездесті. Қазақстандық әншілер Il Divo тобына Regres a mi әнін орындап берді.

Ұлыбританиядан келген қонақтар қазақстандық әншілердің талантына таңғалып, оларды видеоға түсіріп, қошемет көрсетті. "Неоклассикалық бағытта ән шырқап жүрген, жаңадан құрылған қазақстандық топ үшін бұл кездесу өте маңызды", - деді музыкалық топтың продюсері.

Mezzo тобы әріптестеріне күйтабақтарын сыйға тартты. Il Divo тобының солистері болса қазақстандық жас әншілерге үлкен үмітпен қарайтындарын айтып, олардың жақында әлем тыңдармандарының жүрегін жаулайтынына сенім білдірді.

Е. Қайрахан