2 күн. The Spirit of Astana 2018. Елорданың 20 жылдығына арналған сый. Live

2 күн. The Spirit of Astana 2018. Елорданың 20 жылдығына арналған сый. Live
Фото: Әлібек Оразбай

Бүгін Астанадағы "Бәйтерек" монументі алдындағы алаңда The Spirit of Astana 2018 музыкалық шоуы жалғасады. Назарларыңызға айрықша концерттен тікелей трансляция ұсынамыз. 

Фестиваль қонақтары мен көрермендерінің назарына жанды дауыста орындалатын керемет туындылар және іс-шараға қатысушы елдер туралы танымдық интерактивті фильмдер ұсынылуда. Келушілер дәстүрлі аспаптардың әуезді үндері мен заманауи технологиялардың ерекше үйлесіміне куә болуда. The Spirit of  Tengri – этникалық музыка саласындағы аса ірі әрі мәдени брендке айналып үлгерген фестиваль.

Ол Ұлы Дала елдері мен өзге де жаһан жұртшылығының мәдениетімен таныстыруды мақсат тұтады.  Қазақ жерін мекен ететін этникалық топтарды бір жерде тоғыстырады. Жоба 2012 жылдан бері  Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанция ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Бүгінгі күні шараға әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 70 ел мен аймақтың музыкалық топтары өнер көрсетіп үлгерді.

Осы уақыт аралығында 100 мыңнан астам тыңдарман музыка тойының қызығын тамашалады. The Spirit of Tengri жобасы шеңберінде өткізілетін концертте – көркемдік материалдармен әрленген теңдессіз музыкалық шоу. Сондықтан тек көңіл көтеру емес, танымдық контентпен де қызықты.

Т. Раушанұлы