Бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауады

Бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауады
Фото: depannfroidservice.fr

9 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, көбіне қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыстың кей жерлерінде қатты  қар жауады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

 Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын болып, жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20,  екпіні 23-28 м/с  болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел бұрқасынмен 15-25 м/с күшейеді.  Маңғыстау облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с  күшейеді. Атырау облысының  кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, жел 17-22, екпіні 25 м/с  күшейеді.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы