Ресейде Әлихан Бөкейханұлына ескерткіш орнатылады

Ресейде Әлихан Бөкейханұлына ескерткіш орнатылады
Фото: egemen.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады, деп хабарлады палата аппаратының баспасөз қызметі.

Салтанатты шара Таврический сарайында ТМД ПАА штаб-пәтерінде өтеді. 24-25 қарашада ТМД ПАА және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының шаралары өтетіні жоспарланған.

Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған мәжілісмендер сондай-ақ, ТМД ПАА 45-ші пленарлық отырысына қатысады. Онда әлеуметтік үлгідегі заңдар топтамасы талқыға түспек. Қауіпсіздік, соның ішінде, экстремизм мен терроризм  мәселелері де назардан тыс қалмайды.

Сапар аясында Нұрлан Нығматулиннің ҰҚШҰ ПА жиынында сөз сөйлеуі және Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресейден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер жоспарланған.

egemen.kz

А. Оралқызы